×

Паралимпиадада 44 спортшы ел намысын қорғайды

Еліміздің пара спортшылары Францияның Париж қаласында өтетін Паралимпиадаға сегізінші мәрте қатысады, деп хабарлады Ulyssport.kz.

19.08.2024, 16:51
Паралимпиадада 44 спортшы ел намысын қорғайды
the-steppe.com

ҚАЗАҚСТАН БИЫЛҒЫ ДОДАҒА 33 ЛИЦЕНЗИЯНЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

Ал биыл Қазақстан спортшылары Париж Паралимпиадасына 33 лицензияға ие болды. Бұл жерде олар спорттың пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара таэквондо, волейболды отырып ойнау, пара нысана көздеу, пара үстел теннисі, пара дзюдо түрлерінен бақ сынайды. Жарысқа барлығы 44 спортшы қатысады.

10 пара дзюдошы Паралимпиада жүлдесі үшін татамиге шығады.

Берік Ізмағанбетов (волейболды отырып ойнау) пен Севда Алиева (пара нысана көздеу) ту ұстап шығады.

Париждегі Олимпиадағы Паралимпиада қос чемпионы мен екі жүлдегері қатысады.Олар: Зүлфия Ғабидуллина. Ол 2016 жылы Рио Паралимпиадасының чемпионы болған.

Зүлфия Ғабидуллина құрамадағы ең тәжірибелі спортшы болып саналады. Биылы ол төртінші Парпалимпиадасына қатысады.

Екіншісі - Токио Паралимпиадасының чемпионы Давид Дегтярев.

⁠Сонымен бірге Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали, Рио Паралимпиадасының күміс медалисі Раушан Қойшыбаева да тағы да жарыста күш сынасады.

ЕҢ ЖАСЫ ҮЛКЕН СПОРТШЫ – ЗҮЛФИЯ ҒАБИДУЛЛИНА

Биылғы додаға Қазақстан құрамасынан Әлфия Тілекқабыл деген 18 жастағы спортшы бара жатыр. Ол құрамадағы ең жас спортшы болып отыр. Спортшы пара дзюдодан күреседі. Ал ең жасы үлкен спортшы – Зүлфия Ғабидуллина. Оның жасы 59-да. Ол пара жүзуден сынға түседі.

Паралимпиадада жоғарыда аты аталған отандастарымыздың жүлде алуға күш-қайраты жетеді. Былайша айтқанда толық мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасының жүлде алудан мүмкіндігі ден жоқ емес. Қазір ұлттық құрама әлемдік рейтингте 75 елдің ішінде 6-орында тұр.

Қазақстан спортшылары биыл алғаш рет пара үстел теннисінен Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды. Еліміздің намысын бұл сында Әли Мақұлбеков қорғайды.

Сонымен бірге ел намысын пара дзюдодан он спортшы қорғайтын болды. Соның ішінде 73 келі салмақта татамиге шығатын Ерғали Шамейдің жүлде алуға қауқары жетеді.

XVII жазғы Паралимпиада ойындарында 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Новости партнеров