×

Теннис: Бүгін Нью-Йоркта US Open турнирі басталады

Теннистен жылдың соңғы Үлкен дулыға турнирі АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында 26 тамыз күні басталады, деп хабарлайды ulyssport.kz

26.08.2024, 02:31
Ашық дереккөз

US Open 2024 қашан және қайда өтеді?


144-ші рет ұйымдастырылып отырған АҚШ ашық біріншілігі дүйсенбі, яғни 26 тамыз басталып, 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Матчтар Нью-Йорктың Квинс ауданында, Билли Жин Кинг атындағы Ұлттық теннис орталығының корттарында өтеді, атап айтсақ, төрт ең үлкен теннис аренада: Артур Эш стадионы  (23 771 көрермен), Луи Армстронг стадионы  (14053), Грандстенд  (8125) және №17 кортта (2800), сондай-ақ теннис орталығының территориясында орналасқан 13 кортта өтеді.

Турнир күнтізбесі

Дүйсенбі, яғни 26 тамызда ерлер мен әйелдер жекелей сында бірінші айналымның кездесулерін бастайды. Ерлер арасындағы турнирде финал 8 қыркүйекте өтсе, әйелдер бір күн бұрын – 7 қыркүйекте чемпиондық атаққа таласады.

26-27 тамыз – ерлер мен әйелдер жекелей сында бірінші раундтық кездесулер;
28-29 тамыз — ерлер мен әйелдер жекелей сында екінші айналым ойындары; ерлер мен әйелдер жұптық сында бірінші раундтық кездесулер;
30-31 тамыз – ерлер мен әйелдер жекелей сында үшінші раундтық кездесулер; ерлер мен әйелдер жұптық сында екінші айналым матчтары;
1-2 қыркүйек – ерлер мен әйелдер жекелей сында төртінші раундтық кездесулер; ерлер мен әйелдер жұптық сында үшінші раундтық кездесулер;
3 қыркүйек – ерлер мен әйелдер жекелей және жұптық, сондай-ақ аралас жұптық сында ширек финал;
4 қыркүйек — ерлер мен әйелдер жекелей сында ширек финал; әйелдер арасындағы жұптық сайыста жартылай финал және ширек финал; аралас жұпта жартылай финал.
5 қыркүйек – әйелдер арасындағы жекелей сында жартылай финал; ерлер арасындағы жұптық жарыста жартылай финал; аралас жұп финалы (немесе әйелдер арасындағы жұптық финал);
6 қыркүйек — ерлер арасындағы жартылай финал; әйелдердің жұптық финалы (немесе аралас жұптың финалы);
7 қыркүйек – ерлер арасындағы жұптық финал; әйелдер арасындағы жекелей финал;
8 қыркүйек – ерлер арасындағы жекелей финал.

US Open 2024: рейтинг ұпайлары

Ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сында ұпайлар келесідей:

Жеңімпаз: 2000
Финалист: 1300
Жартылай финал: ерлер – 800, әйелдер – 780.
Ширек финал: ерлер – 400, әйелдер – 430.
Төртінші тур: ерлер – 200, әйелдер – 240.
Үшінші кезең: ерлер – 100, әйелдер – 130.
Екінші тур: ерлер – 50, әйелдер – 70.
Бірінші кезең: 10.

US Open 2024 жүлде қоры

2024 жылғы АҚШ ашық біріншілігінің жалпы жүлде қоры өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға артып, 75 миллион долларды құрайды. Forbes мәліметінше, бұл теннис тарихындағы ақшалай сыйлықтың рекордтық сомасы.

Жекелей сында ерлер мен әйелдер арасындағы чемпиондардың әрқайсысы 3,6 миллион доллар алады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп. Финалға шыққандар 1,8 миллиондық чекке ие болады. Ерлер мен әйелдер арасындағы жұптық жарыстың жалпы жүлде қоры өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға өсті. Жеңімпаздарға 750 мың доллар, финалға шыққандарға 375 мың доллар беріледі. Аралас жұптық сайыстағы чемпиондар 200 мың доллар, финалға шыққандар 100 мың доллар алады.

Жекелей сында ақшалай сыйлық

Чемпион – 3,6 миллион доллар
Финалист – 1,8 миллион доллар
Жартылай финалист – 1 миллион доллар
Ширек финалист – 530 мың доллар
Төртінші раунд – 325 мың доллар
Үшінші раунд – 215 мың доллар
Екінші раунд – 140 мың доллар
Бірінші айналым 100 мың долларды құрайды.

Біздің қарсыластар (жекелей сын)

Қазақстандық теннисшілердің қатысуымен өтетін бірінші айналымдағы кездесулер:

26 тамыз

Бублик – Шанг (Қытай)

Шевченко – Кепфер (Германия)

27 тамыз

Скатов –  Хуркач (Польша)

Рыбакина – Айява (Австралия)

Путинцева – Носкова (Чехия)

(жұптық сын)

28 тамыз

Данилина/Хромачева (Қазақстан/Ресей)– Грант/Йович (АҚШ/АҚШ)

Недовесов/Эскобар (Қазақстан/Эквадор) – Кравиц/Пюц (Германия/Германия)

Путинцева/Фернандес (Қазақстан/Канада) – Ротлиф/Дабровски (Новая Зеландия/Канада)

US Open 2024 турнирінің қазіргі жеңімпаздары

2023 жылдың ерлер арасындағы чемпионы сербиялық Новак Джокович, ал әйелдер арасындағы жеңімпаз америкалық Коко Гауф.

 

 

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр