АҚШ ашық біріншілігінің екінші айналымында қазақстандық теннисші Александр Шевченко матчын аяқтай алмай, жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ulyssport.kz
Әлемдік рейтингіде 20-шы тұрған Фрэнсис Тьяфоға (АҚШ) қарсы Артур Эш стадионында өнер көрсеткен жерлесіміз алғашқы екі сетте 4:6, 1:6 есебімен жеңіліп келе жатқан. Үшінші сеттің алғашқы ойынынан кейін Шевченко медициналық көмекке жүгініп, нәтижесінде кездесуді жалғастырмайтынын хабарлады. Қорытынды есеп 4:6, 1:6, 0:1.
Ескере кетейік, бірінші айналымдық матчтан соң Александр Шевченко ulyssport.kz редакциясына берген сұхбатында екі айдан бері тізесінің ауырып жүргенін айтқан еді.
Бүгін US OPEN турнирінің жұптық сынында Александр Недовесов сайысқа түседі.