×

Қазақстан қоржынына Паралимпиаданың қола медалі түсті

2024 жылғы Париж Паралимпиадасы ойындарында жеңіл атлет Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан қола медаль жеңіп алып, жеңіл атлетикаға осындай жоғары деңгейде медаль әкелген алғашқы қазақстандық спортшы атанды, деп хабарлайды Ulys Sport.

05.09.2024, 08:40
ҰОК

Бұл жетістік тек Дастан үшін ғана емес, бүкіл қазақстандық параспорт жұртшылығы үшін маңызды оқиға. Қола медальді алу – көпжылдық еңбектің, мызғымас ерік-жігердің және өз күшіне деген терең сенімнің нәтижесі.

34 жастағы Дастан Қарағандыдан шыққан. Ол спорт әлеміне 26 жасында келген, басқа спорт түрлерінде де тәжірибесі бар. Токиода 2020 жылғы Паралимпиадада ол алтыншы орынға ие болған, бірақ жаңа биіктерге ұмтылып, жаттығуды жалғастырған.

Новости партнеров