×

Медаль жауған күн: Қазақстан қоржыны күміспен толықты

Пара жүзуден Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Бұл Париждегі паралимпиадада Қазақстан еншілген бесінші медаль, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

05.09.2024, 22:39
ашық дереккөзден

Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасының финалында SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден бақ сынап, күміс медаль жеңіп алды.

Бұған дейін 

Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды. Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Еске салайық бұған дейін Давид Дегтярев Париж төрінде алтыннан алқа таққан. Ол осылайша Қазақстан тарихындағы алғашқы екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.

Дәл қазір Қазақстан қоржынында екі алтын, екі  күміс және бір қола медаль бар. 

Новости партнеров