Қазақстан құрамасы 14-15 қыркүйекте Дэвис Кубогының бірінші әлемдік тобының Данияға қарсы матчын өткізеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Қазақстан теннис федерациясы Юрий Щукин бастаған жаттықтырушылар штабы келесі құрамды таңдады: Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жукаев, Тимофей Скатов және Александр Недовесов.
Дэвис Кубогының іріктеу матчтары үш сеттік форматта төрт жеке және бір жұптық кездесуден тұрады.
Жеңімпаз 2025 жылдың ақпанында өтетін командалық әлем чемпионатына жолдама алады.