Интеллектуалды дамуында ерекшеліктері бар қазақстандық спортшылар Францияда өтіп жатқан теннистен VIRTUS Әлем чемпионаты мен велоспорттан Әлем кубогіне қатысып жатыр, деп хабарлайды ulyssport.kz
Теннистің жекелей және микс сындары бойынша (II1 категория, IQ 75%) жарысатын қазақстандық пара-спортшылар:
Рогова Антонина және Сигарев Станислав.
Уақыты мен өтетін орны:
7-15 қыркүйек 2024, Анси теннис клубы, Анси қаласы
Сондай-ақ, World VIRTUS Open Cycling Time Trial жарысында II3 (аутизм) категориясы бойынша Ордабай Дастан ел намысын қорғайды.
Уақыты мен өтетін орны:
14 қыркүйек, Руабон қаласы, Франция
Былтыр ғана құрылған Федерациямыз үлкен жетістіктерге қол жеткізуде. Теннистен Әлем чемпионатына Қазақстан бірінші рет қатысып отыр. Бұл біз үшін үлкен тәжірибе. Аталмыш жарысқа “Самұрық Қазына” АҚ және “Sport Qory” спортты дамыту қоры демеушілік көрсетіп отыр. Ал велоспорт бойынша Әлем Кубогіне екінші рет қатысқалы жатырмыз. Астаналық Дастан Ордабай 2023 жылдың күміс жүлдегері. Англия, Аустралия, АҚШ, Франция, Индия құрамалары фавориттер қатарында. Бір айта кететін жайт, аталмыш елдерде интеллектуалды дамында ерекшеліктері бар спортшылар мемлекет және жергілікті қауымдастық тарапынан үлкен қолдауға ие. Өкінішке орай бізде бұл санаттағы жандар елеусіз қалған. Басында жәй қоғамдық ұйым ретінде құрылған Федерациямыз биыл Мәжіліске өз ұсыныстарын берді. Алдағы уақытта Үкімет пен Парламенттен тиісті қолдау табамыз деген үміттеміз”,- деді ҚР Интеллектуалды дамуында ерекшеліктері бар спорт федерациясының (IDSport) Президенті Дина Темірғалиева.
Интеллектуалды ерекшеліктері бар іс-шараларға қатысты барлық ақпарат www.idsport.org сайтында және idsportfederation Инстаграм парақшаласында жарияланып отырады.