×

Қазақстандық теннисші ITF W35 турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Доминикан Республикасында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

13.09.2024, 11:23
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Доминикан Республикасында өтіп жатқан ITF W35 турниріндегі екінші жеңісіне қол жеткізді. 

Алғашқы кездесуде қазақстандық теннисші бразилиялық Карлин Мартинешті 6:1, 6:3 есебімен ұттты, екінші айналымда да испаниялық Виктория Гоместен дәл осындай есеппен басым түскен болатын. Ширек финалда Құламбаева неміс теннисшісі Александра Вечичпен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Құламбаева Сербияда өткен ITF W15 санатындағы турнирде жеңіске жеткен еді.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр