×

Қазақстан Дэвис кубогында екінші рет жеңілді

Теннистен Дэвис кубогының екінші ойыны қазақстандық команданың кезекті жеңілісімен аяқталды, деп хабарлайды Ulys Sport.

14.09.2024, 17:48
Sportarena

Астанада Дэвис кубогының Бірінші әлем тобының Қазақстан мен Дания құрамалары арасындағы екінші ойыны өтті.

Александр Шевченко (әлемнің 57-ракеткасы) Август Холмгренге (әлемнің 166-ракеткасы) қарсы шықты. Кездесу екі сетте 7:6, 6:3 есебімен дат теннисшісінің жеңісімен аяқталды.

Бұған дейін Александр Бублик даниялық қарсыласынан сенсациялық түрде жеңіліп қалған еді.

Дэвис кубогы – Қазақстан құрамасы тұрақты қатысатын ерлер арасындағы ірі халықаралық командалық теннис жарысы.

Турнир 1900 жылдан бері жыл сайын, ал 1979 жылдан бастап Халықаралық теннис федерациясының (ITF) қамқорлығымен өткізіліп келеді. Әртүрлі елдердің теннисшілер командалары бір-бірімен матч өткізеді, жеңілген команда турнирден шығарылады.

Новости партнеров