×

WTA 500: Мексикада Қазақстанның бірінші ракеткасы финалға өтті

Мексикада өтіп жатқан WTA 500 турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина финалға шықты, деп хабарлайды Ulys Sport. Ол ресейлік Ирина Хромачевамен жұптасып сынға түсті.

15.09.2024, 12:48
ҚОК

Жартылай финалда қазақстандық-ресейлік дуэт украиналық Валерия Страхова мен испандық Ивон Реймерске қарсы ойын өрнегін көрсетті. 

Кездесу 64 минутқа созылды.

Бірінші сетте Данилина мен Хромачева қарсыластарын 6:1 есебімен жеңді. Екінші сетте қарсыластар жұбы шапшаң қимылдап, есепті теңестіруге тырысты, бірақ 6:4 есебімен бұл ретте де жеңілді.

Бүгін сағат 21: 00-де финалда Анна Данилина мен Ирина Хромачева ресейлік теннисші Камилла Рахимова мен Грузия өкілі Ольга Калашниковамен кездеседі. Жартылай финалға шығар алдында Данилина мен Хромачева жұбы Катаржина Питер (Польша)/Фанни Столларды (Венгрия) 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын.

Новости партнеров