Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Дэвис кубогын жеңіп алды, деп хабарлайды Ulys Sport.
Ақтаулықтың қарсыласы даниялық Филип Хьорт болды. Есеп – 2:1 (3:6, 6:4, 10:8).
Бүгін Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының финалына жолдама алу мүмкіндігінен айырылып, екінші дивизионға түсіп қалды.
Қазақстан соңғы 11 жылда алғаш рет турнирдің осы кезеңінде жеңілді.
Кеше Бублик пен Александр Шевченко жеке сында жеңіліс тапқан.
Еске сала кетсек, 14-15 қыркүйекте Астанада Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобының ойындары өткен болатын. Матчтар Beeline Аренада өтті.