Шахматтан Олимпиада: Бибісара Асаубаева жеңіске жетті

Редакция Ulyssport

15 қыркүйекте Будапештте (Венгрия) 45-ші шахмат олимпиадасының бесінші раунды өтті, онда Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістан командасымен кездесті. Жасөспірімдер арасында fide рейтингінде екінші орын алған қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева fide әйелдер рейтингінде 11-ші орын алған Харика Дронаваллиді жеңді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Ашық дереккөзден

1 ҰПАЙ

Партия 46-шы қадамда Асаубаеваның сәтті қадамынан кейін аяқталды. Бұл жеңіс Қазақстан құрамасына 1 ұпай сыйлады.

ЖЕҢІЛІС

Алайда барлық кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық құрама жеңіске жете алмады. Ксения Балабаеваның тең ойынына қарамастан, Меруерт Камалиденова мен Алуа Нурманның жеңілістері Қазақстанның бесінші раундта жеңілісіне әкелді. Оның қорытындысы бойынша әйелдер құрамасы 8 ұпаймен 12-ші орынды иеленді.

ЕРЛАР ҚҰРАМАСЫ

Сол күні Қазақстан ерлер құрамасы Румыния құрамасына қарсы ойнады. Команданың барлық мүшелері Денис Маһеев, Қазыбек Нөгербек, Рамазан Жалмахановтар өз партияларын тең аяқтады. Тек Алдияр Ансат Румын шахматшысы Мирче-Эмилиан Пирлиграсқа жол берді. Келесі раундта Қазақстанның ерлер құрамасы Оңтүстік Африка Республикасының командасымен кездеседі.

Алтыншы раундта Қазақстан әйелдер құрамасы Куба командасына қарсы ойнайды, алайда Бибісара Асаубаева бұл кездесуге бастапқы құрамға кірген жоқ.