Бейбіт Жұқаев АТР 250 турнирінің финалына шықты

Редакция Ulyssport

Бейбіт Жұқаев (ATP 197) Қытайдың Чэнду қаласында ATP 250 санатындағы турнирге іріктеу кезеңін сәтті бастады, деп хабарлайды Ulyssport.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Фото: inbusiness.kz

Қазақстандық спортшы іріктеудің бірінші кезеңінде испаниялық Моро Каньясты (153 ATP) 7:6 (7:5), 6:4 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 40 минутқа созылды.

Турнирдің негізгі ойынына жолдама алу үшін Жұқаев аргентиналық Августин Гомеске (174 ATP) қарсы ойнауы тиіс.