×

Шанхай Мастерс турнирінде қазақ теннисші бақ сынайды

Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан ATP 1000 санатындағы турнирінде Бейбіт Жұқаев квалификация кезеңінен сүрінбей өтіп, жарыстың негізгі кестесінде ойнайтын болды, деп хабарлайды ulyssport.kz 

Бүгін, 21:32
Шанхай Мастерс турнирінде қазақ теннисші бақ сынайды
ATP Tour

Ерлер арасында әлемнің 196-шы ракеткасы Жұқаев іріктеу сынының финалында Ұлыбритания теннисшісі Билли Харристі (ATP 104) 7:5, 2:6, 6:4 есебімен ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, Бейбіт былтыр да дәл осы ірі жарыстың негізгі кезеңіне жолдама алып, тамаша өнер көрсеткен еді. Ақтау теннис мектебінің түлегі бірінші айналымда Роман Сафиуллинге қарсы ойнайды. Егер ресейлік қарсыласын ұтып жатса, екінші айналымдық матчта Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликпен кездеседі.

Әйгілі Новак Джокович те қатысып жатқан жылдың сегізінші Мастерс турнирінде жекелей сын бойынша Жұқаев пен Бубликтен басқа Қазақстан намысын Александр Шевченко қорғайды. Ал жұптық сында Бублик АҚШ спортшысы Фрэнсис Тиафумен бірге бақ сынамақ.

Шанхай Мастерс – 2009 жылдан бері ерлер арасында өткізіліп келе жатқан ATP 1000 санатындағы жарыс. Биылғы жалпы жүлде қоры 8,9 млн АҚШ долларын құрайды.  

 

Новости партнеров