×

ҚХЛ: "Барыс" омбылық "Авангардтан" ойсырай ұтылды

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында омбылық «Авангардпен» сырт алаңда ойнап, жеңіліп қалды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 18:56
ҚХЛ: "Барыс" омбылық "Авангардтан" ойсырай ұтылды
Барыс

“Барыс” бас бапкері Вячеслав Буцаев мұз айдынға мына құрамды алаңға шығарды: Маттссон (Бояркин) – Болье-Бутчер, Бочаров-МакЛеод-Сетдиков; Хохлов-Камалов, Мұхаметов-Апалков-Бурдасов; Гайтамиров-Данияр, Старченко-Кодола-Симонов; Қайыржан-Оразов, Панюков-Өмірбеков-Әсетов.

Матчтың алғашқы кезеңінде қос қақпаға да гол соғылмады. Дегенмен бұл кезең Тамирлан Гайтиров пен Максим Холодилиннің жаға-жыртысуымен есте қалды.

Екінші кезеңде алаң иелері Джуха Маттссон қорғаған қақпаға қақпаға екі гол соқты. Ал матчты қорытындылаған кезеңде де ресейліктер біздің “барыстардан” басым түсіп, тағы екі голмен жалпы есепті 4:0-ге жеткізіп, жеңімпаз атанды.

Осылайша кезекті жеңіліс сериясын жалғастырған «Барыс» келесі кездесуін 7 қазан күні сыртта Екатеринбург қаласында “Автомобилистпен» өткізеді.

Новости партнеров