×

Рыбакина Қазақстанда түскен фотоларымен жанкүйерлерін сүйсінтті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлеуметтік желіде жаңа суреттер топтамасын жариялады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

06.10.2024, 00:32
Рыбакина Қазақстанда түскен фотоларымен жанкүйерлерін сүйсінтті
Instagram/ Lenarybakina

Әлеуметтік желіде жаңа суреттерін жариялаған Елена Рыбакина жанкүйерлерін сүйсітті.

Оның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған суреттер жанкүйерлердің қатты реакциясын тудырып, тез арада мыңдаған лайк пен пікірлерге ие болды. 

Спортшы негізінен Алматы маңында түскен суреттерін бөлісті.

Еске сала кетсек, Рыбакина жазда Олимпиадаға қатысудан бас тартқаны үшін жанкүйерлердің сынына ұшыраған еді.

Сондай-ақ, Қазақстанның әлемдегі төртінші ракеткасы бапкер Стефано Вуковпен ынтымақтастығын тоқтатқанын тамыз айында US Open басталмай тұрып хабарлаған болатын. Содан бері жаттықтырушы да, спортшы да бұл жағдайдың себептерін нақты айтпады, бірақ теннис маманы WTA жаттықтырушылар тізімінен шығарылды.

 

Новости партнеров