×

Shanghai Masters: Шевченко тартысты матчта қарсыласына есе жіберді

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Қытайда өтіп жатқан ATP1000 Rolex Shanghai Masters турнирінің төртінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ulyssport.kz

Бүгін, 11:51
Shanghai Masters: Шевченко тартысты матчта қарсыласына есе жіберді
ATP Tour

Отандасымыз үшінші айналымда Чехия теннисшісі Якуб Меншикпен кездесті.

Бірінші сетті Меншик оңай алды – 6:1. Екінші сетті де сәтті бастаған чехиялық спортшы брейк айырмасымен алда келе жатқан. Алайда отандасымыз кері брейк жасап, есепті тай-брейкке дейін жеткізді. Есеп 7:6 (7:5).

Аса тартысты өткен бәсекенің шешуіші бөлімінде Александр Шевченко қарсыласынан айласын асыра алмады. Қорытынды есеп: 1:6, 7:6, 2:6.

Осылайша теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдағы жарысты аяқтады. Келесі аялдама – Алматыда 13-20 қазан аралығында өтетін ATP250 турнирі.

Новости партнеров