Қазақстандық танымал теннисші, әлемнің 488-ракеткасы Зарина Дияс Түркияда ITF W 50 санатындағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 485-орында тұрған ресейлік Екатерина Маклакованы айқын басымдылықпен ұтты – 6:1, 6:2.
Бір сағат 6 минутқа созылған ойын барысында Зарина 6 брейкке қол жеткізді. Маклакова 2 брейктен аса алмады.
Бүгін осының алдында З.Дияс ширек финалда түркиялық Дениз Дилекті ойсырата ұтқан еді – 6:0, 6:2.
Зарина Дияс финалда әлемнің 224-ракеткасы, Беларусь өкілі Алена Фалей немесе рейтингіде 338-сатыдағы болгариялық Изабелла Шиникованың қай жеңгенімен чемпиондық атақ үшін таласады.
Жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа биыл оралған қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 418-орынға көтеріліп тұр.