"Барыс" Минсктің "Динамосына" қарсы ҚХЛ тұрақты чемпионатының матчын өткізіп, қонақтарды 2:1 есебімен ұтқан. Осы жеңістен кейін Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлеуметтік желіге жазба қалдырды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
МЫРЗАБОСЫНОВ НЕ ДЕЙДІ
– Отандық спортшылардың деңгейі көтеріліп келеді! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың легионер-спортшыларға тәуелділікті азайтып, өз спортшыларымызға басымдық беруді және шетелдік кәсіби жаттықтырушыларды тартуға тапсырма берген болатын. Бұл көп кешікпей-ақ өз нәтижесін беріп жатыр. "Барыс" хоккей клубы легионерлермен келісімшарттарды тоқтатып, қазақстандық ойыншылардың әлеуетін арттыруға бет бұрған еді. Соңғы матчта "Барыс" жеңіске жетіп, голдық пастар мен голдарды тек қазақстандық ойыншылар орындады, – деп жазады министр.
Мырзабосыновтың сөзінше, ерлер шпагасынан Қазақстан құрамасына олимпиада чемпиондарын тәрбиелеген украиналық жаттықтырушы Александр Горбачук қосылған. Бұл өзгерістер еліміздің халықаралық аренада спорттық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған маңызды қадамдарының бірі деп есептейді министр.
– Алдағы уақытта бұдан да басқа нәтижелердің жемісін көре бастайтынымызға сенімдімін. Жеңісті күндерде жолығайық, – дейді ол.
ЛЕГИОНЕРЛЕРДЕН ТАЗАРТУ
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы өзінің Instagram-дағы парақшасында адам естімеген спорт түрлеріне ақша беріп келген министрліктің шешімі тоқтатылған. 180 спорт түрі қысқартылады! Тиісті норманы Үкімет қолдаған. Депутат сонымен қатар, Қазақстан азаматтары санатында жоқ спортшыларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды жүзеге асыруға тыйым салынатынын хабарлады.