×

«Барыс» екінші ойын қатарынан жеңіске жетті

Астананың «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасында қатарынан екінші сенсация жасап, сырт алаңда Новосібірдің «Сибирь» командасын жеңді, деп хабарлайды  Ulyssport.kz.

24.10.2024, 00:30
«Барыс»  екінші ойын қатарынан жеңіске жетті
Ашық дереккөзден

Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері керемет ойын көрсетіп, матчты 3:1 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Алғашқы кезең қонақтардың пайдасына шешіліп, шайбаны Әділ Бекетаев соқты. Екінші кезеңде алаң иелері есепті теңестіргенімен, шешуші жиырма минуттықта Антон Бурдасов «Барысты» қайтадан алға шығарды. Қорытынды есепті Иван Николишин бекітіп, 3:1-ге жеткізді.

Бұл жеңіс «Барыс» үшін ҚХЛ-дың фавориттеріне қарсы өткізген ойында  қатарынан екінші жеңіс болды.

Енді команда келесі матчқа дайындалып жатыр, ол 29 қазанда өз алаңында қытайлық «Куньлунь Ред Стар» клубымен кездеседі.

Новости партнеров