×

Қазақ теннисшісі Заңғар Нұрланұлы Кореядағы турнирдің жартылай финалына өтті

Қазақстандық жас теннисші Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Ванджу қаласында үлкен теннистен жасөспірімдер арасындағы өтіп жатқан ITF J300 WANJU турнирінің жекелей сынында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 20:53
Қазақ теннисшісі Заңғар Нұрланұлы Кореядағы турнирдің жартылай финалына өтті
Қазақстан теннис федерациясы

Азияның 16 жасқа дейінгі теннисшілері арасындағы бірінші ракетка, қазақстандық Заңғар Нұрланұлы (94 ITF Juniors) табысты өнер көрсетіп жатыр.

Заңғар ширек финалда Корея өкілі Йенс Джейонгті (87 ITF Juniors) 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді. 

Қазақстандық теннисші жартылай финалда турнирдің бірінші ракеткасы, корт иесі Хойонг Рохпен (12 ITF Juniors) шеберлік байқасады.

Сонымен қатар Әмір Омарханов (Қарағанды) пен Мәлика Әмірғалиева (Өскемен) осы додада жұптық сында финалға жолдама алды. 

Турнирдің бірінші ракеткалары Ә.Омарханов пен Хойонг Рох (Корея) жартылай финалда жапониялықтар Шион Итсусаки – Хиромаса Коаяманы жолдан тайдырды 6:3, 6:4. 
Сенбі күні қазақстандық-кореялық жұп корт иелері Йенс Джейонг – Джангжун Киммен чемпиондық атақ үшін таласады.

Қыздар арасында М.Әмірғалиева тайбэйлік Ю Чен Лимен бірге жартылай финалда тағы бір тайбэйлік Ю Чинг – кореялық Джун Охтан айласын асырды – 6:3, 6:3.

Мәлика мен Ю финалда кореялықтар Йесунг Чо – Су Джонгпен бас жүлдені сарапқа салады.

Новости партнеров