×

Жеңіліп көрмеген отандасымыз қарсыласын 43 секундта нокаутқа түсірді

Алматыда «Октагон 65» аралас жекпе-жек кешінде қазақстандық жекпе-жек шебері Жасұлан Мейірманов пен Қырғызстан спортшысы Елдан Сакеев арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

27.10.2024, 22:02
Жеңіліп көрмеген отандасымыз қарсыласын 43 секундта нокаутқа түсірді
Видео кадры

Жеңіл салмақтағы спортшылар арасындағы кездесу бірінші раундтың 43 секундында Мейірмановтың жылдам жеңісімен аяқталды.

Мейірмановтың жойқын соққысынан оның қарсыласы Сакеев ауыр жарақат алып, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Бұл нәтиже Мейірмановқа кәсіпқой ММА мансабындағы қатарынан алтыншы жеңісін әкелсе, Сәкеев үшін бұл үшінші жеңіліс болды.

Новости партнеров