×

Төрешінің салғырттығынан ММА спортшысы мертіге жаздады

Астанада өткен MMA турнирінде жекпе-жекке оқыс жағдаймен аяқтала жаздады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

03.11.2024, 18:38
Төрешінің салғырттығынан ММА спортшысы мертіге жаздады
Vesti.kz

Көрермендер мен жанкүйерлер, спорт мамандары бұл оқыс жағдайға рефериді кінәлап отыр.

ҚАЛАЙ БОЛДЫ

Астанада аралас жекпе-жектен өткен Dala Fighting Championship турниріндегі жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Қазақстандық файтер Жұман Жұмабеков (14-8) үндістандық қарсыласына қылқындыру әдісін жасаған. Бірақ бұл сәтті ортадағы рефери бақылап тұрса да, оның талып қалғанын байқамаған. Жұманның өзі байқап, әдісті дереу тоқтатты. Мұнан кейін де үнді спортшысы біраз уақыт есін жия алмай жатты.

ЖАНКҮЙЕРЛЕР ПІКІРІ

Реферидің мұндай салғырттығына жанкүйерлердің көбі наразылығын білдіріп пікір жазды. Олардың қатарында елге танымал файтер Артем Резников те бар.

«Жұманның кәсіпқой спортшы екені жақсы болды, ол қарсыласының талып қалғанын сезіп, әдіс жасауды өзі тоқтатты. Егер дәл солай қылқындыруын жалғастыра берсе астында жатқан адам өліп кетуі мүмкін еді», - деді Резников.

Ал осы турнирдің басты жекпе-жегі қазақстандық танымал файтер Васлий Тахтай (10-0) мен америкалық ардагер Уилл Чоуп (42-23) арасында өткен болатын. Отандасымыз небәрі 40 секундта қарсыласын жерге құлатып, партерде ұрып тастады және осы турнирдің жеңімпазы атанды.

 

Новости партнеров