Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Венгрияда өткен турнирде алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Бұл туралы qazsporttv.kz сайты мәлімдеді.
Қазақстандық жас спортшы Жәния Бекмұхамбетова Сомбатхейде (Венгрия) өткен WTT Youth Contender үстел теннисі турнирінде топ жарып, екі жүлдеге қол жеткізді.
Бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста үшінші орынға ие болса, кеше отандасымыз 11 жасқа дейінгі жас санатында бас жүлде қанжығалады.
Турнирде Жания Бекмұхамбетова Венгрия, Украина, Испания, Румыния елдерінің спортшыларын жеңді.
Естеріңізде болса, бұған дейін Жанияның жеңісті жолы туралы жазғанбыз.