Қазақстандық теннисші, әлемнің 218-ракеткасы Денис Евсеев Хельсинки (Финляндия) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Қазақстандық теннисші алдымен дүниежүзілік рейтингте 946-орында тұрған эстониялық 19 жастағы Оливер Оякаэрді 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Д.Евсеев екінші айналымда әлемнің 241-ракеткасы, италиялық Федерико Арнабольдимен кездесті.
Ф.Арнабольди алғашқы айналымда әлемнің 108-інші осы жарыстың 6-ракеткасы қазақстандық Михаил Кукушкинді 6:4, 7:5 есебімен жеңіп кеткен еді.
Д.Евсеев соның есесін қайтарып, Ф.Арнабольдиді 6:2, 6:4 есебімен ұтты. Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Денис 1 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуін құр жіберген жоқ. Арнабольди 3 эйс, 1 брейкпен шектелді.
Денис Евсеевтің ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.