Қазақстандық «Барыс» командасы 13 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізіп, басым түсті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Кездесудің 18-минутында «Барыс» хоккейшісі Әлихан Өмірбеков гол соқса, екінші кезеңнің 41-минутында «Нефтехимик» сапынан Жан-Себастьен Ди таразы басын теңестірді.
Ойынның негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталып, овертаймға ұласты.
Овертаймда Кирилл Панюков жеңіс шайбасын соғып кетті.
Осылайша, елордалық клуб аталған қарсыласынан өткен кездесудегі жеңілісінің есесін қайтарды.
Енді елордалық клуб алдағы екі ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 15 қарашада «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен кездессе, 17 қарашада «Сочимен» ойнайды.