Астаналық "Барыс" командасы континенттік хоккей лигасының матчында Нижнекамсктің «Нефтехимик» командасымен ойнады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Ғалым Мамбеталиев алаңға келесі құрамды шығарды: Бояркин (Шутов) – Бекетаев-Хохлов, Савицкий-Николишин-Бурдасов; Камалов-Данияр, Панюков-Шайхмедденов-Әсетов; Гайтамиров-Оразов, Өмірбеков-Мұхаметов-Мұратов; Королев-Бутенко, Сетдиков-Маңғысбаев-Оспанов.
Бірінші кезеңнің соңында Әлихан Өмірбеков есеп ашты, екіншісінде ештеңе өзгерген жоқ. Үшіншісінде қожайындар алға шыққанымен, овертаймда "Барыс" ұтып кетті.
15 қарашада" Барыс "Уфа “Салават Юлаевпен" кездеседі.