UFC жартылай орта салмақтағы чемпионы америкалық Біләл Мұхамет өз дивизионындағы Қазақстаннан келген Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Ян Гарридің жекпе-жегінде кім жеңетінін жазды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Рахмонов пен Гарри 8 желтоқсан күні таңертең Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінің басты жекпе-жегіне шығады. Х әлеуметтік желісіндегі Мұхаметтің жанкүйерінің бірі оның осы жекпе-жек жөнінде пікірін сұраған.
– Менің ойымша, Ян жеңеді, – деп жазды Біләл.
Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Біләл Мұхамет чемпиондық белбеуге үміткер қазақстандық Шавкат Рахмоновпен кездесуі керек еді. Алайда ол жарақатына сілтеп, шықпайтынын мәлімдеді. Осыдан кейін Шавкат ирландиялық Иэн Мачадо Гэрримен жұдырықтасатыны (15-0) белгілі болды. Жартылай орта салмақтағы уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек 7 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 310 турнирінде өтеді.