Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Грекияда өтетін Еуропа кубогінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Ulysspoty.kz.
Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Грекияның Салоники қаласында өтетін Еуропа кубогінде сынға түседі. 23-24 қараша күндеріне өтетін додаға барлығы 30 елден 476 дзюдошы татамиге шыққалы отыр. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын жас балуандардың тізімін ұсынамыз:
Ұлдар құрамасы:
-50 кг: Даниял Сейілхан;
-55 кг: Аслан Ерғалиев;
-55 кг: Бекнұр Амангелді:
-60 кг: Марғұлан Игілік;
-60 кг: Ержәнібек Тұрысбек;
-60 кг: Алтынбек Қонысбай:
-60 кг: Нұрдос Досберген;
-66 кг: Кирилль Байдәулетов;
-81 кг: Расул Мұқым;
+90 кг: Ералы Базаркатов;
+90 кг: Әділжан Жаудинов.
Қыздар құрамасы:
-48 кг: Әсел Русланова;
-48 кг: Гүлхан Шыңғысхан;
-48 кг: Айдана Анварова;
-57 кг: Кира Хегай.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушылары Мейірлан Баймаханбетов пен Алмас Несіпберлинов екенін айта кетейік.