Оңтүстік Кореяның Санджу қаласында күрес түрлерінен өткен Korea Open халықаралық турнирінде отандық спортшылар алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.
Отандасымыз Эльмира Сыздықова аталған додада 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, үздік атанды.
Грек-рим күресінен ел намысын қорғаған Айбек Айтбеков (60 келі) пен Диас Сейітқалиев (77 келі) финалға дейін жеткенімен, шешуші белдесулерде қарсыластарына есе жіберді. Осылайша олар күміс жүлдені қанағат тұтты.
Ал үшінші орынға Мақсат Сайлау, Темірлан Тұрдақын (екеуі де 87 келі салмақта) және Нұрасыл Аманәлі (97 келі) табан тіреді.