Азия чемпионатында бақ сынайтын боксшыларымыз алғашқы айналымда-ақ басты қарсыластары саналатын өзбекстандық спортшылармен жұдырықтасады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Таиландтағы Азия чемпионатының жеребесі тартылып, қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Таиландтың Чианг Май қаласындағы Азия біріншілігінде Қазақстан ерлер құрамасы барлық 13 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы спортшыларының алғашқы қарсыластары төмендегідей:
48 кг. Санжар Тәшкенбай – Анваржан Ходжиев (Қырғызстан) – Мехрон Шафиев (Тәжікстан) жекпе-жегінің жеңімпазы;
51 кг. Сәкен Бибосынов – Асылбек Джалилов (Өзбекстан) – Даваадорж Лхагвадорж (Моңғолия) жекпе-жегінің жеңімпазы;
54 кг. Махмұд Сабырхан – Ян Лин Лей (Тайбэй);
57 кг. Оразбек Асылқұлов – Мохаммад Зулхейлейн (Малайзия);
60 кг. Бейбарыс Жексен – Дильшод Абдумуродов (Өзбекстан);
63,5 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Сомчай Вонгсуван (Таиланд);
67 кг. Дулат Бекбауов – Джиа-Джун Чиуан Ванг (Тайбэй);
71 кг. Абылайхан Жүсіпов – Лин Ча Син (Тайбэй) – Байрамдурды Нурмухаммедов (Түркменстан) жекпе-жегінің жеңімпазы;
75 кг. Диас Молжігітов –Сунага Дайго (Жапония);
80 кг. Ерасыл Жақпеков – Сағын Сатыбалдыұлы (Қырғызстан);
86 кг. Бекзат Нұрдәулетов – Данило Жасан (Украина);
92 кг. Сағындық Тоғамбай – Мадияр Саидрахимов (Өзбекстан);
+92 кг. Айбек Оралбай – Жахонгир Зокиров (Өзбекстан).
Айта кетейік, бұған дейін бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары белгілі болғанын жазған едік.