×

"Реал" миллиард еуро тапқан алғашқы футбол клубы атанды

Әлемдегі ең атақты футбол клубы "Реал Мадридтің" өткен маусымда операциялық табысы 1 миллиард еуроға жетті. Бұл ретте "Галактикостың" таза пайдасы 15,6 миллион еуроны құрады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

24.07.2024, 11:43
Фото: ашық дереккөзден

"Ақ жейделілердің" бухгалтерлері хабарлағандай, королдік клубтың 2023/24 маусымындағы табысы 1,073 миллиард еуроға жетті. Бұл өткен есепті кезеңмен салыстырғанда 27%-ға артық.

Осындай қаржылық өрлеудің арқасында "мадридтіктер" қаржы жылында операциялық табысы 1 миллиард еуродан асқан алғашқы футбол ұжымы болды.

Осы кезеңде Чемпиондар лигасының 15 дүркін жеңімпазының таза пайдасы 15,6 миллион еуроны құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 11,8 миллион еуро болған.

"Реалдың" меншікті капиталы қазір 574,1 миллион еуро деп бағаланып отыр.

Сарапшылар бұл сандар Килиан Мбаппенің келуімен жақын арада өсуі мүмкін екенін айтады.

Естеріңізге сала кетсек, Франция құрамасының шабуылшысы Мбаппенің ресми таныстырылымы 16 шілдеде "Сантьяго Бернабеу" стадионында өтті.

Новости партнеров