×

«Ордабасы» ФК жаңа бапкері қанша жалақы алатыны белгілі болды

Aladop.kz порталының жазуынша, Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубына жаттықтырушы болып молдавалық маман Андрей Мартин келеді. Ол бұған дейін «Петрокуб» клубын жаттықтырған, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

05.12.2024, 20:38
«Ордабасы» ФК жаңа бапкері қанша жалақы алатыны белгілі болды
moldova.sports.md

«Ордабасы» молдовалық бапкер үшін «Петрокуб» командасына трансферлік қаржыны да аударып қойғанға ұқсайды. Ал шымкенттік клубта бұл бапкер айына 25 мың АҚШ доллары көлемінде жалақы алатын болады.

Өздеріңіз білдетіндей осыған дейін Александр Седнев 20 мың АҚШ долларын алған еді, - деп жазады дереккөз.

Айта кетейік, бұған дейін «Ордабасыны» Кирилл Кекер жаттықтырды. Ол маусым соңына дейін жұмыс істеді.

«Петрокуб» командасы қазір Конференция лигасында өнер көрсетіп жатыр. 12-желтоқсан күні олар өз алаңында «Бетисті» қабылдайды. Енді Молдова клубы Андрей Мартиннің орнына жаңа бапкер іздейтін шығар.

Новости партнеров