Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының сырт алаңында череповецтік «Северстальмен» ойнады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Букмекерлік кеңселер мен сарапшылар ресейлік клубты фаворит санаған еді.
Ғалым Мәмбеталиев мына құрамды мұз айдынына шығарды: Шутов (Бояркин) - Бекетаев-Камалов, Бочаров-Николишин-Панюков; Хохлов-Данияр, Әсетов-Өмірбеков-Бурдасов; Королев-Оразов, Савицкий-Мұхаметов-Мұратов; Гайтамиров-Бутенко, Қайыржан-Шайхмедденов-Оспанов.
Бірінші кезеңде алаң иелері минималды жеңіске жетсе, екіншісінде есеп айырмасын арттырды, Әлихан Әсетов қысқартты.
Соңғы жиырма минутта ресейліктер жеңіске жетуге барынша ұмтылды. Есеп – 5:3. Осылайша қазақстандық клуб жетінші рет қатарынан жеңілді.
8 желтоқсанда «Барыс» сырт алаңда Санкт-Петербургтің СКА командасымен ойнайды.