Әлі күнге жеңілмеген UFC жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста өткен турнирдегі титулдық жекпе-жегінде ирландиялық Иэн Гэрриді жеңді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жек бүгін UFC 310 турнирі аясында өтті.
Жекпе-жек 5 раундқа созылды, Рахмонов төрешілер шешімімен жеңімпаз деп танылды.
Енді жерлесіміз UFC-дің жартылай орта салмақтағы белбеуіне таласады.
Қазіргі кезде белбеу Белал Мухаммадқа тиесілі. Рейтингте Рахмонов үшінші, Гэрри жетінші орында орналасқан.