Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Польшадағы Томашув-Мазовецкий қаласында өткен Әлем кубогі кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Анастасия Беловодова мен Михаил Матрюхин аралас эстафетада үшінші орынға ие болды.
Оңтүстік Корея құрамасы жеңіске жетіп, ал екінші орынды нидерландық жұп иеленді.
Еске сала кетсек, бұған дейін бүгін жерлесіміз Шавкат Рахмоновтың кезекті мәрте жеңіске жеткенін сүйіншілегенбіз.
Ал 10 желтоқсан күні IBO Жанқош Тұраровты чемпиондық атағынан айыруы мүмкін.