Жібек Құламбаева теннистен Солапур қаласында (Үндістан) өтіп жатқан ITF W35 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Ulyssport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемдік рейтингте 924-орында тұрған таиландтық Буньяви Тамчайватпен кездесті.
Бірінші кезеңде Таиланд спортшысы айқын басымдылық танытты. Есеп - 6:1. Екінші кезеңде Жібек 4:0 есебімен алға шықты. Алайда бұл басымдылықты ұстап тұра алмай, нәтижесінде 4:6 есебімен жол берді.
Еске сала кетске, бүгін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (14-0, 12 КО) Санта-Инездегі (Калифорния, АҚШ) Chumash Casino аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық Рафаэль Игбоквені (17-5, 7 КО) нокаутпен жеңгенін жаздық.
Ал зілтемір шебері Артем Антропов ауыр атлетикадан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына екінші алтын медальді салды. Бұл Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы үшінші медалі. Бұған дейін Алексей Чуркин (81 келі) күміс жүлде жеңіп алса, Нұрғиса Әділетұлы (96 келі) әлем чемпионы атанған еді.