Жібек Құламбаева теннистен Нави-Мумбаи қаласында (Үндістан) өтіп жатқан ITF W50 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Ulyssport.kz порталы Olympic.kz-ге сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 496-орында тұрған жапониялық Хироко Куватамен кездесті.
Жібек Құламбаева 6:2, 6:3 есебімен қарсыласынан басым түсіп, WTA Live рейтингісінде 320-сатыға көтерілді.
Қазақстандық теннисші жұптық сында үндістандық Шривалли Бхамидипатимен бірге өнер көрсетеді. Олар алғашқы айналымда корт иелері Шехаль Мане және Сонал Патилмен кездеседі.