×

Қазақстан үшін ойнасам да, мен орыспын – теннисші Бублик

Ресейдегі Ленинград облысының тумасы, 27 жастағы қазақстандық теннисші Александр Бублик спорттық мансабын аяқтағаннан кейін Санкт-Петербургте тұруға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulyssport.

03.01.2025, 13:30
Қазақстан үшін ойнасам да, мен орыспын – теннисші Бублик
Владислав Семенов / ҰОК

Бұл туралы ол Матч TV арнасына берген сұхбатында айтты.

Өзінің кәсіби мансабын Ресей атынан бастаған, 2016 жылдан бастап Қазақстанға келген спортшы келешектегі жоспарын айтты. "Спорт мансабын аяқтағаннан кейін қайда өмір сүргіңіз келеді?" деген сұраққа ол 
"егер форс-мажорлар болмаса, мен Санкт-Петербургте тұрамын" деп жауап берді.

Неліктен ол Монакоға барғысы немесе Астанада қалғысы келмейтінін сұраған журналиске Бублик  Монаконың кәсіби спортшылар үшін ыңғайлылығына қарамастан, өзі Санкт-Петербургктен екенін жеткізді.

Монако әдемі жер, әсіресе суреттер мен фильмдерде. Бірақ өмір үшін бұл мүлде басқаша. Қазір мен сонда тұрамын, бұл ыңғайлы: база жақсы, спортшылар үшін бәрі бар. Бірақ мен орыспын, мен Қазақстанның атынан шыққанымды мақтан тұтсам да, мені әрқашан Санкт-Петербург тартады да тұрады. Мен бұл қаланы және біздің адамдарды жақсы көремін, - дейді ол.

Бублик Монакода, әсіресе белсенді спорт мансабы кезінде өзін жайлы сезінетінін, бірақ спорттан кейін сол жерде өмір сүргісі келмейтінін атап өтті.

Монакода менің балам дүниеге келді, мүмкін екінші және үшіншісі де келер. Мен ол жерге әрдайым барамын, ол жерде көптеген жағымды естелік бар. Бірақ мен Санкт-Петербургте өмір сүргім келеді, - дейді спортшы.

Александр сонымен қатар Қазақстан өзінің мансабында маңызды рөл атқарғанын, ал Астана өзі үшін алғысы мол қалаға айналғанын атап өтеді.

Новости партнеров