×

Элизабет Тұрсынбаева Камила Валиеваның допинг дауына қатысты ойын айтты

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева Этери Тутберидзенің қол астында бірге жаттыққан Камила Валиеваның допинг дауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulyssport порталы Championat.com сайтына сілтеме жасап.

05.01.2025, 16:23
Элизабет Тұрсынбаева Камила Валиеваның допинг дауына қатысты ойын айтты
Википедия

“Соңғы жылдары К.Валиеваның допинг дауының әсерінен Тутберидзенің тобының айналасында жағымсыз ахуал қалыптасты. Этеридің шәкірттерінің бұған қатысы бар деп ойлайсыз ба?” деп сұралды спортшыдан.

Есіме алсам, Тутберидзе жаттығу барысында мұрынға тамызатынның құрамында да тыйым салынған дәрінің болуы мүмкін екенін ескертіп жүретін. Маған да допинг-бақылаушы адамдар таңғы бесте келгені есімде. Олар кез-келген күні тест алуға келуі мүмкін, өйткені бұл міндетті процедура. Шынымды айтсам, бір нәрсені арнайы қабылдады дегенге өз басым сенбеймін, - деді Тұрсынбаева SPORT+ Qazaqstan арнасында.

Еске сала кетейік, Элизабет Тұрсынбаева спорттық жолының соңына таман Этери Тутберидзенің тобында жаттығып, 2019 жылы Сайтамада өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді. Жарыста төрт айналым тулупты секірген алғашқы ересек мәнерлеп сырғанаушы ретінде тарихта қалды.

Новости партнеров