×

Ризабек Айтмұқан Олимпиада жеңімпазымен күресе ме

Қазақстанның еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұқан Кайл Снайдермен белдесуі мүмкін, деп хабарлайды Ulyssport.

06.01.2025, 10:18
Ризабек Айтмұқан Олимпиада жеңімпазымен күресе ме

Жекпе-жек ақпан айында Алматыда өтеді деп жоспарланған PWL 8 турнирінде өтуі мүмкін. Кәсіпқой күрес лигасы турнирде америкалық қатысушының бар екенін хабарлады. Оның үстіне, ұйымдастырушы тарап Айтмұқан мен Снайдер арасындағы жекпе-жекке қатысты келіссөздер жүргізілетінін айтқан болатын.

Еске сала кетейік, бір жылдың ішінде Ризабек үш әлем чемпионы жеңіп алған еді.

2023 жылы Сербияда өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған алғашқы қазақстандық ретінде тарихта қалды.

Ризабек 2024 жылдың күзінің басында Испания да 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп, одан кейін Тиранада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтынға қол жеткізгені де тарихи жетістік.

Америкалық балуан 97 келі салмақта 2016 жылғы Олимпиадада жеңіске жетсе, 2020 жылғы ойындардың күміс жүлдегері атанған. Сонымен қатар, Снайдер әлем чемпионатын үш мәрте жеңіп, екі рет күміс және қола жүлдемен тәмамдаған.

Новости партнеров