Қазақстандық спортшылар шаңғымен секіруден әлем чемпионатына іріктеуден өтпеді. Бұл беделді Four Hills турындағы соңғы старт, деп хабарлайды Ulyssport.
Австрияда шаңғымен секіруден әлем кубогы өтіп жатыр. Қазақстан атынан Илья Мизерных пен Данил Васильев сынға түсті.
Біздің қатысушылар үздік 50 спортшы өткен келесі кезеңге қатыспайды.
Мизерных 53-ші нәтиже көрсетсе, Васильев 60-шы орынға тоқтады
Айта кетейік, әлем чемпионатының бұл кезеңі «төрт төбелі трамплин туры» жарыс бағдарламасындағы соңғы старт болып табылады. Ал жалпы есепте бір ғана қазақстандық 50-ші орынға тұрақтаған Илья Мизерных бар.