Шайбалы хоккейден ӘЧ: 1/2 финалда кімдер ойнайды

Редакция Ulyssport

Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында жартылай финалда кездесетін жұптар анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

ашық дереккөзден

23 мамырда ширек финалда Чехия АҚШ-ты 1:0, Швеция Финляндияны 2:1 есебімен жеңді

Ал одан бұрын Канада Словакияны 6:3, Швейцария Германияны 3:1 есебімен қапы қалдырды.

Енді 25 мамырда жартылай финалда Швеция мен Чехия, Канада мен Швейцария құрамалары ойнайды.

Финал мен 3-орын үшін жарыс 26 мамыр күні өтеді.