Астанада «Qazaq Kuresi» Ассоциациясы ұсынған "Дала қырандары" республикалық турнирі өтті. Бұл жарыс ұлттық қор "Дала қырандарының" қолдауымен ұйымдастырылған, деп хабарлайды Ulyssport.
Турнирде жыл бойы рейтингтік жарыстарда ең жоғары ұпай жинаған үздік 64 балуан белдесті.
САЙЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:
55 келі – Руслан Теміржан (Қызылорда обл.)
60 келі – Нұрлыхан Мұханбетов (Ақтөбе обл.)
66 келі – Ержан Еренқайыпов (Астана қ.)
74 келі – Бибарыс Тұрғанбекұлы (Ақтөбе обл.)
82 келі – Нұрдаулет Бақтыбайұлы (Шымкет қ.)
90 келі – Ерасыл Жаңатаев (Алматы обл.)
100 келі – Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қ.)
+100 келі – Қайсар Шамшидинов (Түркістан обл.)
Тартысты өткен дода барысында шеберліктерін дәлелдеген бұл 8 спортшы еліміздің «Бас балуаны» атанды. Жүлдені табыстаушылардың қатарында Д.Елеусінов,Ғұсман Қырғызбаев және Ақжүрек Таңатаров болды.
Айта кетейік, дәстүрлі турнирдің жүлде қоры – 100 000 мың АҚШ долларын құрады.