Америкалық әуе компания Хабиб Нурмагомедовке қатысты мәлімдеме жасады

Редакция Ulyssport

Америкалық Frontier Airlines әуе компаниясы бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовке қатысты жанжалға жауап берді , деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы Championat.com мәлімдеді.

Сурет: Jeff Bottari

«Біз оқиғадан хабардармыз және тергеу жүргізіп жатырмыз», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік,12 қаңтарда Нурмагомедовтың стюардессамен келіспеушілігінен Лос-Анджелеске  бара жатқан рейстен түсіп қалғаны белгі болған.