Қысқы Универсиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті

Редакция Ulyssport

Италияның Турин қаласында 14 қаңтар күні  2025 жылғы қысқы Универсиаданың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Ulyssport.

Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстан құрамасы бұл салтанатты ашылуға дайындықпен келді. Көп ел ту ұстаушылары кәдімгі спорттық киіммен шықса, еліміз ұлттық нақышпен көзге түсті.

Қазақстанның туын фристайлшы Аяулым Әмәренова мен хоккейші Абылайхан Сүлейменов көтерді.

 

Шеруден кейін Италия туын көтеру рәсімі өтті. Туды 2014 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы атақты Каролина Костнер алып шықты.

Еске сала кетейік, 14 қаңтар 14:00-де спортшыларымыз үш спорт түрінен сынға түсіп, Универсиада ойындарындағы алғашқы жарыстарын бастайды.