Қазақстандық фристайл-могулдан іріктеу кезеңін жеңді

Редакция Ulyssport

19 жастағы қазақстандық фристайлшы Анастасия Городко Италияда өтіп жатқан ХХХІІ қысқы Универсиаданың іріктеу жарысында бірінші орын алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

 

qaz_team_official

Жуырда өткен Алматыдағы әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы Анастасия бұл іріктеу кезеңінен сенімді өтіп, өз өнері үшін 76,75 ұпай жинады.

Осы іріктеу жарыстарында Аяулым Әміренова да жақсы өнер көрсетіп,  71,70 ұпаймен екінші орынды иеленді.

Айта кетейік, іріктеуден өткен қос спортшы Қазақстан уақыты бойынша 18:30-да ақтық сынға шығады.