Дохадағы гран-приге қатысу үшін семсерлесу бойынша Қазақстан командасының құрамы жарияланды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Дохада 24-26 қаңтар аралығында қылышпен семсерлесуден гран-при сериясының кезеңін өткізеді.
Ірі халықаралық турнирге Қазақстан командасы қатысады.
Медальдар үшін Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Еңлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Георгий Тинников, Александр Федоров, Кирилл Павлов, Әсел Әлібекова, София Николайчук, Владислав Андреева таласады, - деп хабарлады ҰОК.
Бұған дейін семсерлесуден Қазақстан құрамасы Швейцарияда өткен Әлем кубогы кезеңінде екінші орын алған болатын.