Қазақстан футболға 200 млрд теңге жұмсаған

Редакция Ulyssport

Соңғы 6 жыл ішінде қазақстандық 18 футбол клубқп мемлекет қазынасынан 200 миллиард қаржы бөлінген, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді 

Ұлысмедиа коллажы

Жалпы бюджеттен бөлінетін қаражаттың басым бөлігі осы футбол клубтарына жұмсалады. 200 миллиардтан аса қаржы бөлінген. Бұл қаржының көп бөлігі легионерлерге жалақы төлеуге және басқа да тиімсіз шығындарға кеткен. Соңғы жылдарда бар болғаны екі ғана жаңа стадион салынған. Ал инфрақұрылымның жағдайы мүлде көңіл көншітпейді” деді Сарқұлов.

Сонымен қатар, “Астана” футбол клубының 50 млрд теңге көлемінде ақша алғанын, бірақ сонда да кәсіби клубқа қажетті толық инфрақұрылым жоқ екенін жеткізді.

 “БАРЫС” ХОККЕЙ КЛУБЫ ҚАРЖЫНЫ АҚТАМАҒАН

"Алты жыл ішінде хоккей клубына шамамен 49 миллиард теңге бөлінген. Оның көп бөлігі шетелдік спортшылардың жалақысына кеткен. Соңғы жылдардағы клубтың нәтижесі өте төмен. Жұмсалған қаражат команданың нәтижесімен мүлде сәйкес келмейді. Біздің ойымызша, қаражатты әлдеқайда ұтымды пайдалануға болар еді. Мысалы, спорттық инфрақұрылымды жаңартуға және балалар мен жастардың спортпен айналысуына жағдай жасауға инвестиция салынса, нұр үстіне нұр болар еді. Себебі, кәсіби футболшылар, хоккейшілер және басқа да спортшылар өскелең ұрпақ арасынан шығады. Сәйкесінше, болашақта олар ел намысын жоғары деңгейде қорғай алады" деді төраға орынбасары.

Айта кетейік, қаржының басым бөлігі шетелдік спортшыларға жұмсалған.