Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов америкалықты 4 минутта нокаутпен жеңді

Редакция Ulyssport

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Коммерс қаласында (АҚШ, Калифорния) өткен бокс кешінде үлкен жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

instagram/ali_akhmedov_officialpage

Ахмедов американдық Малколм Джонспен (17-4-1, 10 КО) жұдырықтасты. Бұл кездесу супер орта салмақта өтіп, он раундқа есептелді және екінші раундта қазақстандық техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Али Ахмедов кәсіпқой бокста 23-жеңісіне қол жеткізсе, Малколм Джонс осымен бесінші рет жеңіліп отыр. Ахмедовтің қатарынан бесінші рет жеңіске жеткенін де айта кету керек. Ол мансабында бірінші әрі соңғы рет 2020 жылғы желтоқсанда эквадорлық Карлос Гонгорадан (22-3, 17 КО) жеңілген еді.